Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
Астана: -17 °С
Алматы: -9 °С
USD 327.89 EUR 400.91
RUB 5.81 CNY 50.92
Жаңалықтар

Қазақстан мен Түрікмен президенттері екіжақты кездесу өткізді

2017 жылғы 17 қыркүйек 16:50 1828
Поделиться:
Қазақстан мен Түрікмен президенттері екіжақты кездесу өткізді

    АШХАБАТ. ҚазАқпарат - Бүгін Ашхабат әуежайына келіп қонған ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың ұшағын Түрікменстан президенті Гурбангулы Бердімұхамедов қарсы алды. Қарсы алу рәсімінен кейін екі елдің Мемлекет басшылары екіжақты кездесу өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпараттың арнаулы тілшісі Ашхабаттан.

«Осындай кезде қолдау көрсету біздің көршілік, бауырластық парызымыз деп білемін. Сізді жабық ғимараттағы Азия ойындарының ашылуымен құттықтаймын. Көптеген спорттық нысандар салынды. Олардың барлығы да халыққа, қалаға қалады. Сонымен қатар мұндай шаралар Түркіменстанды, оның астанасын жақын тани түсуге, мемлекеттің тәуелсіздік жылдары ішіндегі жетістіктерін әлемге кеңінен паш етуге мүмкіндік береді», - деді Қазақстан Президенті.

Сонымен қатар Мемлекет басшысы Қазақ елі қысқы Азияда ойындары, Бүкіләлемдік суденттер Универсиадасы сынды әлемдік деңгейдегі спорттық шараларды лайықты деңгейде өткізгенін баса айтты.

«Таяуда ғана ЭКСПО аяқталды. Біздің өңірімізде мұндай оқиғалардың өтуі өте маңызды. Ал бүгін Азия ойындарының ашылуына зор ризашылықпен қатысатын боламыз. Біздің қарым-қатынастарымызға қатысты айтар болсам, сіздің сапарыңыздан кейін көп дүние жасалды. Меніңше, экономикалық ықтымақтастығымыз қарқын алады», - деді ҚР Президенті.

Нұрсұлтан Назарбаев Өзбекстанға мемлекеттік сапармен барып келе жатқандығын, жүргізілген келіссөздер барысында көптеген мәселелердің шешілгендігін атап өтті.

Қазақстан мен Түрікмен президенттері екіжақты кездесу өткізді

«Бізді жауынгерлік өнер түрлері бойынша жабық ғимаратта өтетін V Азия ойындарының ашылу салтанатына қатысуға жасаған ұсынысымызды қабыл алғаныңыз үшін ризашылық білдіремін. Бұл біздің ортақ мерекеміз саналады. Түрікмендер мен қазақтар, тәжіктер спорттық өңір. Меніңше, баршамызға ортақ осынау мерекеде  салауатты өмір салтын қалай қадірлеп, халықты қалай ұйыстыра білу керектігін бүкіл әлемге паш ететін боламыз», - деді өз кезегінде Түрікменстан президенті Гурбангулы Бердімұхамедов.

Оның айтуынша, жабық кешендегі Азия ойындарына қатысу үшін әлемнің 64 мемлекетінен спортшылар келген. Бұған қоса, БҰҰ өтінішімен босқындар да бұл жарысқа арнайы команда құрып, сынға түспек. Осы қадамы арқылы түрікмен халқы өңірдегі тұрақтылықты, қауіпсіздікті сақтауға мүдделі екендігін көрсетуге ұмтылуда.

«Сіз ЭКСПО-2017 көрмесін өткіздіңіз. Осынау өңір үшін бұрын-соңды болмаған ауқымды шараны ең жоғары деңгейде ұйымдастыра алдыңыздар. Бүгінде сіз бен біз осындай биік шыңдарды бағындырудамыз. Кеше сіздің елдің спортшылары лайықты наградаға ие болды. Меніңше, бүгін сіз оларға батаңызды бересіз деп ойлаймын», - деді Гурбангулы Бердімұхамедов.

 

 


Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Онлайн қызметкерлер
Редактор
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
Редактор
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059
Мұрағат