Қазақстан мен Тәжікстан дипломатиялық ғимараттар үшін жер учаскелерін бөледі

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат -«Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Тәжікстан Республикасының Үкіметі арасындағы Дипломатиялық өкілдіктердің ғимараттарын салу үшін жер учаскелерін өзара беру туралы келісімді ратификациялау туралы» заң жобасы ҚР Парламенті Мәжілісінің қарауына келіп түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бүгін Мәжілістің жалпы отырысында құжат жобасы бойынша қорытынды әзірлеу міндеті Мәжілістің Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетіне жүктелді.

«Келісімге сәйкес Қазақстан мен Тәжікстан дипломатиялық өкілдіктердің ғимараттарын салу үшін бір-біріне 1 гектар көлеміндегі жер учаскелерін 49 жылға дейінгі мерзімге символикалық жалдау ақысымен пайдалануға береді. Келісім осы мәселенің құқықтық негіздерін айқындайды. Комитет осы заң жобасын жұмысқа алуға және ол бойынша қорытынды әзірлеуге дайын», - деді Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы Мәулен Әшімбаев.

Соңғы жаңалықтар