Қазақстан мен Тәжікстан дін саласында бірге жұмыс істеуге уағдаласты

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмонның Қазақстанға ресми сапары аясында екі елдің арасында дін саласындағы ынтымақтастық құжатына қол қойылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.  

Атап айтқанда, ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрі Нұрлан Ермекбаев пен Тәжікстан Үкіметі жанындағы Дін істері, ұлттық дәстүрлер, мерекелер мен салт-жораларды реттеу комитетінің төрағасы Давлотзада Сулаймон ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

Құжат аясында дін саласындағы мемлекеттік саясатты жүргізу, оның ішінде діни экстремизмнің алдын алу мәселелері бойынша тәжірибе алмасу қарастырылған. Сондықтан тараптар өзара қызығушылық тудырған тақырыптар тұрғысында кездесудер мен жиындар ұйымдастырмақ. Нақтырақ айтқанда, деструктивті діни идеологияның әрі діни экстремизм көріністерінің таралуын болдырмау мақсатында түсіндіру жұмыстарын іске асыру жоспарлауда.

Бұдан бөлек, екі елдің ведомстволары бірлескен зерттеулер жүргізу үшін ғылыми ұйымдар арасындағы ынтымақтастықты дамытуға ниет білдіруде.

Құжатта тараптар бірлесе өз мемлекеттерінің ұлттық заңнамалары аясында дін саласындағы ынтымақтастықты жүзеге асыратындығы көрсетілген.

Соңғы жаңалықтар