Қазақстан мен Сербия арасында сотталғандарды беру туралы шарт ратификацияланды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан Республикасы мен Сербия Республикасы арасындағы сотталған адамдарды беру туралы шартты ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлайды.

Сондай-ақ, Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасы мен Сербия Республикасы арасындағы ұстап беру туралы шартты ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды

Заңдардың мәтіндері баспасөзде жарияланады.

Соңғы жаңалықтар