Қазақстан мен Сербия арасында қосарланған салық салу жолы кесілді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Парламенті Сенаты «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Сербия Республикасының Үкіметі арасындағы табыс пен капиталға салынатын салықтарға қатысты қосарланған салық салуды болдырмау және салық салудан жалтаруға жол бермеу туралы конвенцияны және оған Хаттаманы ратификациялау туралы» ҚР Заңын қабылдады.

«Сіздердің назарларыңызға ұсынылып отырған конвенцияны ратификациялау біріншіден, уағдаласушы мемлекеттердің арасында салық салу құқықтарын бөлу жолымен саудаласушы мемлекеттердің резиденттері болып табылатын заңды және жеке тұлғалардың табыстарына қосарланған салық салуды жоюға мүмкіндік береді. Екіншіден, инвестицияларға қолайлы жағдайлар жасау үшін Қазақстан мен Сербия арасындағы экономикалық ынытмақтастықты нығайтуға, кеңейтуге жол ашады», - деді Заң жобасын таныстырған ҚР Қаржы министрі Бақыт Сұлтанов.

Министрдің айтуынша, үшіншіден, екі мемлекеттің құзіретті органдары арасында салық мәселелері бойынша ақпарат алмасу арқылы салықтан жалтару мәселелерін болдырмауға мүмкіндік береді.

«Конвенцияның жекелеген баптары уағдаласушы мемлекеттерде қызметтерiн жүзеге асыратын әртiстердің спортшылардың, мемлекеттiк қызметшiлердiң, студенттердiң, оқытушылардың және зерттеушiлердiң табыстары мен өзге де төлемдерiне салық салудың айқын тәртiбiн көрсетедi. Сербияда өз қызметін жүзеге асыратын  әртістер мен споршыларға салық Сербяда салынады. Мемлекеттік қызметшілер Сербияда Қазақстан үшін қызмет атқарған жағдайда олардң табысына салық тек біздің бюджетке төленеді», - деді Б.Сұлтанов.

Соңғы жаңалықтар