Қазақстан мен Сауд Арабиясы 60 млрд теңгенің келісімшарттарына қол қойды

None
None
ЭР-РИЯД. ҚазАқпарат - ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Сауд Арабия Корольдігіне барған жұмыс сапары аясында 60 млрд теңгенің келісімшарттарына қол қойылды. Бұл туралы Елбасы журналистерге берген сұхбатында мәлімдеді, деп хабарлады ҚазАқпарат.

«Іскерлік топтар және бизнесмендермен кездесуден басталды. Біз бизнестің «капитандарымен» кездестік.  Жалпы алғанда біздің іскер адамдарымыз, министрліктер мен ведомстволар  60 млрд теңгенің  10 келісімшартына қол қойды», - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Елбасы атап өткендей, солардың ішінде ең маңыздылары Оңтүстік Қазақстан облысындағы құс фабрикасының құрылысы, Ақмола облысындағы азық-түлік өнімдердің өндірісі және мұнай және газ, металлургия мен химия салаларындағы ынтымақтастық.  

«Іске қосылған жобалар бар, ол бірлескен 17 кәсіпорын. Логистикадағы мәселелерге байланысты бізде сауда мен тауарайналым аса дамымаған. Сондықтан біз болашақта бірге жұмыс жасау үшін Жол картасын, екі жақты үкіметаралық комиссия, экономиканың түрлі салалары бойынша жұмыс топтарын құруға келістік.  (...) Бастысы - бұл бірлескен инвестициялық қаржы қорын құру туралы келісім. Біздің елімізде бірлескен жобаларды қаржыландыру үшін осындай қор құрамыз», - деп қосты Нұрсұлтан Назарбаев.

Соңғы жаңалықтар