Қазақстан мен Ресейдің сауда-саттығында тепе-теңдік жоқ - сарапшы

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Тұңғыш Президентінің қоры жанындағы әлемдік экономика мен саясат институтының маманы Асқар Нұршаның айтуынша, Ресей қазақстандық тауарлар үшін өз нарығын кеңірек ашуы тиіс. Онсыз біржақты сауда-саттық саясаты жалғаса береді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бүгінде Қазақстан мен Еуропа арасындағы сауда-саттық Ресеймен арадағы алыс-берістен екі есе артық болып тұр. Осы бір мәселені ұмытпау қажет. Сондықтан «Қазақстанның №1 әріптесі кім?» дегенде көрші Ресейді айтсақ та, Еуропаның үлесі басым екенін ұмытпауымыз қажет", - деді Асқар Нұрша.  Мәселен, оның пікірінше, Еуропа елдерін бір мемлекет ретінде қарастыратын болсақ, Қазақстан экспортының 50 проценті Еуропаға тиесілі. Ал Қазақстанға  келетін еуропалық тауарлардың үлес салмағы да 57 процентті құрап отыр.

"Демек, біздің Еуропамен арадағы сауда-саттығымыз тең, әрі көрші Ресей мен Қытайды бірге қосқандағы алыс-берістен артық. Қазіргі кезде Қазақстанның экспортында Ресейдің үлесі 10-ақ процентті құрайды. Қытай да солай. Сосын екі жақты сауда-саттықта тепе-теңдік жоқ. Мәселен, Ресей бізден сатып алған тауарлармен салыстырғанда, өз өнімдерін 6 млрд долларға артық сатып отыр. Міне, осындай мәселелер өзара интеграцияға да кері әсерін тигізеді. Меніңше, Ресей қазақстандық тауарлар үшін өз нарығын кеңірек ашып, қазіргі тепе-теңсіздікті қалпына келтірсе, еуразиялық интеграция күшейе түседі. Сауда-саттық - бұл интеграцияның қозғаушы күші. Ол біржақты болмауы шарт. Барлығына бірдей тиімді болған жөн», - деді Асқар Нұрша бүгін Астанада басталған «Қазақстан - Ресей» сарапшылар форумында.

Айта кетейік , Қазақстан - Ресей сарапшылар форумы Қазақстанның xалықаралық қатынастар кеңесі, "Валдай" пікірталас клубы мен "Парасат" жүйелі зерттеулер институтының бастамасымен өтіп отыр. Сессия кезінде сөз алған қазақ-қытай ынтымақтастығы жөніндегі "China Center" xалықаралық орталығының бас директоры Әділ Кәукенов Ұлы Жібек жолы жобасына қатысты бірқатар маңызды мәселелерді көтерді.

Соңғы жаңалықтар