Қазақстан мен Ресей президенттері Астана процесінің қорытындыларын талқылады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Владимир Путин Нұрсұлтан Назарбаевты тағы да туған күнімен құттықтап, оған зор денсаулық, амандық және жұмысына жаңа табыстар тіледі.

Әңгіме барысында мемлекеттер басшылары екіжақты ынтымақтастықтың қазіргі жағдайы мен перспективасын, сондай-ақ өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі мәселелерді талқылады.

Сонымен қатар, биылғы 4-5 шілдеде Астанада өткен Сирия мәселесіне қатысты (Астана процесі) кезекті халықаралық кездесудің қорытындыларына ерекше мән берілді.

Қазақстан мен Ресей көшбасшылары алдағы кездесулердің кестесін қарастырды.

 

Соңғы жаңалықтар