Қазақстан мен Өзбекстан Ішкі істер министрліктерінің бірлескен кеңесі өтті

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астана қаласында ҚР Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары, полиция генерал-лейтенанты Марат Демеуовтің және ӨР Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары, полиция генерал-майоры Даврон Назармұхамедовтың төрағалығымен Қазақстан Республикасы мен Өзбекстан Республикасы ішкі істер министрліктерінің бірлескен кеңесі өтті, деп хабарлайды аталған ведомствоның баспасөз қызметі.

Кездесуге екі мемлекеттің ішкі істер министрліктерінің орталық аппараттары жедел бөліністерінің басшылары қатысты.

Іс-шара барысында жедел бөліністердің екі жақты ынтымақтастығы, оның ішінде шекаралас өңірлердегі ынтымақтастықтың перспективалары және басым мәселелері талқыланды.

Сонымен қатар, делегация басшылары бірлескен ұйымдастырушылық және практикалық шараларды көздейтін Қазақстан ІІМ және Өзбекстан ІІМ бірлескен кеңесінің хаттамасына қол қойды.

Іс-шараның қорытындысы бойынша Қазақстан мен Өзбекстан ішкі істер министрліктерінің жұмыс кездесулерін өткізу туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.

Сапар барысында Өзбекстанның Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Даврон Назармұхамедовты Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов қабылдады. 

Соңғы жаңалықтар