Қазақстан мен Өзбекстан басшылары екіжақты қарым-қатынасқа тың серпін бере білді - Қарин

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Qazaqstan» телерадиокорпорациясының басшысы Ерлан Қарин Қазақстан Республикасы Президентінің Ташкентке жасаған сапары турасында пікір білдірді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Ерлан Қариннің айтуынша, Мемлекет басшысының көршілес елге жасаған сапарына мемлекеттік мәртебе берілген.

«Қос тарап та бұл іссапарға озық әрі тарихи деп баға беріп жатыр. Және бұл мінездемелер кезекті дипломатиялық политес емес, нақты жағдайдың көрінісі екені сөзсіз. Бірсыпыра құжаттарға қол қойылып, серіктестіктің көкжиектері кеңейе түсті, жоғары деңгейде күтіп алудың жаңа дәстүрі пайда болды. Өзбек тарабы қазақтандық көшбасшының келгеніне өте қатты дайындалып, тіпті бағдарламаға Төле би кесенесіне бас сұғуды, Нұрсұлтан Назарбаевтың кітабын өзбек тілінде шығаруды қосыпты», - дейлі ол Фейсбуктегі парақшасында.

Қарин өз сөзінде өзбек басшысының Қазақстан Президентіне деген ерекше ықыласын атап өтіп, Нұрсұлтан Назарбаевтың өткен жылдың қыркүйек айында Өзбекстанға барғанын еске алады.

«Бұл сапар қазақтандық-өзбекстандық қарым-қатынас қандай мазмұнда өрбитінін айқындап берді. О баста өзге де болжамдар айтылған еді. Алайда қос елдің көшбасшылары бір жылдың ішінде ғана екіжақты қарым-қатынасқа тың серпін бере білді. Өткен жылдың қыркүйек айында Нұрсұлтан Назарбаев пен Шавкат Мирзиёев жеті мәрте телефон арқылы сөйлескен еді. Наурыз айында Өзбекстан президенті Қазақстанға ресми сапар жасап, одан кейін арада бірер аптадан соң екі елдің басшылары Сарыағашта кездескен болатын. Шілдеде Өзбекстан көшбасшысы Шаңхай ынтымақтастық ұйымына мүше елдердің басшылары Кеңесі аясында Астанада болған еді. Қыркүйек айының басында ғана Шавкат Мирзиёев Ислам ынтымақтастығы ұйымының саммитіне қатысқан», - дейді Қарин.

Қариннің айтуынша, екі жақты сауда 35 пайызға артқан. Сонымен қатар, екі елдің арасында жоспар бойынша шекараластық тұрғысында мәселелер шешілуде.

«Екі көшбасшыда аймақтық серіктестік процесіне дем беруге тырысып жатыр. Сондықтан, қазақ-өзбек қарым-қатынасының жандануы арқылы жалпы Орталық Азиядағы аймақтық серіктестікті қайта қосуға мүмкіндік туып отыр», - дейді ол.

Еске сала кетсек, Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Өзбекстан мен Түрікменстан еліне ресми сапармен барды. 

Соңғы жаңалықтар