Қазақстан мен Өзбекстан басшылары адал ниетті шын достар еді - конференция

None
None
ТАШКЕНТ. ҚазАқпарат - «Қазақстан-Өзбекстан: өткен жылдар, бүгін мен болашақ» атты конференция барысында Өзбекстанның Сыртқы істер министрінің орынбасары Бахтиер Исламов Нұрсұлтан Назарбаев пен Ислам Кәрімовтың қарым-қатынастарына қатысты естеліктерімен бөлісті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Аталмыш жиын Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастардың орнағанына 25 жыл толуына орай ұйымдастырылды.

«Мен Нұрсұлтан Назарбаев пен Ислам Кәрімовтың көптеген кездесулерінің куәсі болдым. Бұл кісілер бір-біріне адал ниетті шын достар болатын. Олар бір-бірін қатты сыйлады. Ислам Кәрімов Нұрсұлтан Назарбаевтың өзі болмаған жиындарда  Қазақстанның дос мемлекет екенін және оны Нұрсұлтан Назарбаев басқаратынын айтып отыратын»,-деді Бахтиер Исламов.

«Кезекті сапарларының бірінде Ислам Кәрімов тіпті «жолдасың қазақ болса, жолыңнан адаспайсың» деп те айтты. Ислам Кәрімов бұл сөзді шын көңілмен жеткізді. Ал тегінде Ислам Әбдіғаниұлының мұндай сөздерді жиі айта бермейтінін баршаға аян. Сондықтан мен жолдасың қазақ болса, күн сайын құбылып тұратын әлемде тек жол тауып қана қоймайсың дегенді айтқым келіп отыр. Бұған екі ел президентттерінің кездесуі жарқын дәлел»,-деді министрдің орынбасары.

Соңғы жаңалықтар