Қазақстан мен Өзбекстан автоөнеркәсіп саласында ынтымақтастықты кеңейтеді

None
None
ӘНДІЖАН. ҚазАқпарат - Қазақстан мен GM Motors Uzbekistan ынтымақтастығының келешегі зор. Бұл туралы Әндіжан облысына жұмыс сапарымен барған Өзбекстандағы ҚР Елшісі Ерік Өтембаев айтты, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА меншікті тілшісі.

Елшінің айтуынша, СарыаркаАвтоПром GM Motors Uzbekistan кәсіпорнымен біріге отырып, екі ел мен жақын шетелдер нарығын қамтамасыз ете алады.

«СарыаркаАвтоПром GM Motors Uzbekistan ынтымақтастығын біз ұзақ мерзімдік және стратегиялық жоба ретінде қарастырамыз. Қазір жылына 7 мың автомобиль құрастыратын келісімге қол жеткізілді. Ағымдағы жылы R2 Ravon және R4 Ravon модельдер желісін ұлғайтуды жоспарлап отырмыз»,-деді Ерік Өтембаев.

Елші сонымен қатар, тек  көлік қана емес, жалпы біріккен автомобиль өнеркәсібін құрастыру мәселесі талқыланып жатқанын жеткізді. Қазіргі уақытта ауыл шаруашылығы техникасы кластерін құру жөнінде келісім де бар.

Автозауытты аралау барысында Ерік Өтембаев Самарқандтан  шығатын Isuzu автобусын Ташкент-Шымкент аралығына жүргізіп, кейін Қазақстанмен бірігіп шығаруды қолға алу керектігін айтты.


Соңғы жаңалықтар