Қазақстан мен Өзбекстан арнайы техника өндірісін жоспарлайды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық «Тыныс» зауыты мен Өзбекстандық «Krantas Group» кәсіпорны өнеркәсіп пен құрылыс секторының түрлі салаларына арналған арнайы техника өндірісін ұйымдастыруға ниетті.

 Бұл туралы ҚР Қорғаныс және аэроғарыш  өнеркәсібі  министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Ең заманауи  және озық  технологиялар негізінде 16-дан 100 тоннаға дейін жүк көтеретін автокрандар, манипулятор-крандар, өзіаударғыштар, мұнай өнімдерін тасымалдауға арналған  автошанаш-бензин тасымалдағыштары Қазақстанда шығарылатын болады.

Тараптар отандық нарықтың арнайы техникаға деген қажеттілігінің маркетингтік талдауын өткізді, тиісті техникалық және өзге де құжаттарды әзірледі. Қазіргі уақытта «Тыныс» АҚ базасында өндіріс алаңын дайындау жүргізілуде.

«Тыныс» АҚ бас директоры Қайрат Қалманбаевтың сөзінше, компаниялармен қабылданып жатқан шаралар Қазақстанда талап етілетін маңызды экспорттық әлеуеті бар бәсекеге қабілетті өнімдерді жинауды ретке келтіруге мүмкіндік береді, ол, өз кезегінде екі елдің машина жасау салаларының ынтымақтастығын дамытуға негіз болады.

null 

Ағымдағы жылдың қыркүйек айында Қазақстан мен Өзбекстанның II-ші Бизнес-форумының аясында, «Қазақстан инжиниринг» ұлттық компаниясы мен «Krantas Group» ЖШҚ ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

«Тыныс» АҚ Қазақстан Республикасының Қорғаныс және аэроғарыш  өнеркәсібі  министрлігінің сенімгерлік басқаруындағы «Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ-ның  еншілес кәсіпорыны болып табылады.

«Krantas Group» ЖШС - өнеркәсіп пен құрылыс секторының  әр түрлі салалары үшін  арнайы  техника өндіруге мамандандырылған Өзбекстанның ең ірі кәсіпорны.

null 

Соңғы жаңалықтар