Қазақстан мен Өзбекстан арасында университеттер консорциумы құрылады

None
None
ТАШКЕНТ. ҚазАқпарат - Өзбекстан ғылым академиясының вице-президенті Бахром Абдухалимов пен Өзбекстандағы Қазақстанның Төтенше және Өкілетті елшісі Ерік Өтембаевтың кездесуі барысында университеттер консорциумын құрудың болашағы талқыланды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА меншікті тілшісі.

«Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың халыққа арнаған Жолдауында көптеген мәселелердің түйіні ЖОО ғылымымен байланысуы керек екендігі айтылады. Сондықтан төртінші өндірістік жаңғырудың элементтері мен барлық техникалық мүмкіндіктерін біз университеттер кешеніне орналастырып, Өзбекстанның ғылым академиясымен бірлесе отырып технопарктер мен ғылыми зерттеу орталықтарын құрғымыз келеді»,-деді ҚР Елшісі.

Дипломаттың айтуынша, алдағы мақсаттарға қол жеткізу үшін алдымен жол картасын белгілеп, бірлескен зерттеу жұмыстарын нақтылап алу керек.

Соңғы жаңалықтар