Қазақстан мен Өзбекстан 2018 жылы демаркация бойынша далалық жұмыстарды жүргізеді

None
None
ТАШКЕНТ. ҚазАқпарат - Қазақстан мен Өзбекстан 2018 жылы демаркация бойынша далалық жұмыстарды жүргізуге өзара келісті, деп хабарлайды ҚазАқпараттың меншікті тілшісі Өзбекстан СІМ-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Шешім Ташкенттегі өзбек-қазақстанның бірлескен демаркациялық комиссиясының 11-15 желтоқсандағы жұмыс тобының кездесуінде қабылданды.

Тараптар келіссөздер барысында өзбек-қазақстандық мемлекеттік шекараны демаркациялау жөніндегі қорытынды құжаттар бойынша жұмыстарды жалғастырды.

«Сондай-ақ, тараптар пікір алмасып және 2018 жылы демаркация бойынша далалық жұмыстарды жүргізуді ұйымдастыру мәселелерін шешуге келісті», - делінген көрші елдің СІМ таратқан хабарламасында.

Кездесу конструктивті және достастық жағдайында өтті. 

Соңғы жаңалықтар