Қазақстан мен Моңғолия өзара сауда-саттықты дамыту жөніндегі меморандум жасасты

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасында Моңғолияның ұлттық сауда-өнеркәсіптік палатасының өкілдерімен кездесу өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат палатаның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ұлттық кәсіпкерлер палатасының қолдауымен Қазақстан-Моңғолия арасында сауда-саттық қатынастарын дамытуға бағытталған меморандумға қол қойылған. Іс-шараға «Атамекен» ҚР ҰКП Басқарма төрағасының орынбасары Эльдар Жұмағазиев, Моңғолияның Ұлттық сауда-өнеркәсіп палата төрағасы Магван Оюунчимег, «Атамекен» ҚР ҰКП Өңірлік даму департаменті, Қазақстанның Сыртқы сауда палатасының өкілдері және Моңғолияның делегациясы қатысты.

Ұлттық кәсіпкерлер палатасының Басқарма төрағасының орынбасары Эльдар Жұмағазиев кездесуде әріптестерін палатаның жұмыс істеу бағыттары мен құрылымын делегацияға таныстырып өтті.

«Бірлесе жұмыс жасау Қазақстан мен Моңғолия үшін пайдалы болатындығында күмәніміз жоқ. Тікелей теңізге шығу жолы екі ел үшін де мүмкін емес, дегенімен, қандай салада өзара тиімді жұмыс істеуді қолға алу қажеттігінің бүге-шігесіне дейін талқылап, анықтау қажет», - деді Эльдар Жұмағазиев.

Ұлттық кәсіпкерлер палатасы төрағасы орынбасарының айтуынша, Моңғолиямен серіктестік қатынастар орнату ауыл шаруашылық өнімдерін дайындау, органикалық таза өнімдер шығару салаларында тиімді болатыны анық.
null 

«Біздің басты мақсатымыз - қарым-қатынас орнату. Қысқа мерзім ішінде біздің ұсынысымызды қабыл алып, серіктестік орнатуға келісім бергендіктеріңізге қуаныштымыз. Екі ел үшін тиімді нақты жобаларды қолға алып, экономикамызға үлкен үлес қосатынымызға сенімдіміз», -  деді Моңғолияның Ұлттық сауда-өнеркәсіп палата төрағасы Магван Оюунчимэг.

Айта кетерлігі, 2016 жылы екі мемлекеттің арасындағы тауар айналымы 77,9 млн доллары болған. Сол жылы Қазақстанның Моңғолияға экспорты 44%-ға өскен.
null 

Соңғы жаңалықтар