Қазақстан мен Малайзия киберқауіпсіздік мәселелерін талқылады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат -Қазақстан Республикасының Малайзиядағы Елшісі Данияр Сарекенов «CyberSecurity Malaysia» ұлттық агенттігінің бас атқарушы директоры Амируддин Вахабпен кездесу өткізді. Бұл туралы ҚазАқпарат СІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Кездесу барысында, ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің маңызды шарты ретінде Қазақстанның киберкеңістігінің қауіпсіздігін қалыптастыруда малайзиялық тәжірибені қолдану мен зерттеудегі әріптестікті дамыту мәселесі көтерілді. «CyberSecurity Malaysia» ұйымымен ынтымақтастық киберқылмыспен күрес және «Қазақстанның Киберқорған» жүйесін құру туралы міндеттерді жүзеге асыру аясында өзекті болып табылады делінді.

Бұл агенттік Малайзияның ғылым, технология және инновация Министрлігінің құрылымдық бөлімшесі болып табылады (MOSTI).

А.Вахаб Қазақстан тарапына ү.ж. 23-26 мамырда Астанада өткен «KADEX-2018», V Халықаралық қару-жарақ және әскери-техникалық мүлік көрмесіне шақырғаны үшін алғыс білдіріп, спикер есебінде қатысуға дайын екендігін жеткізді. Бұдан бөлек, бас атқарушы директор 2019 жылы Астана қаласында киберқауіпсіздік мәселелері мен оның алдын алу жолдарын және әдістерін талқылауға арналған Ислам әріптестік ұйымының «OIC-CERT» халықаралық конференция өткізу мүмкіндігін қарастыруды ұсынды.

Анықтама: «OIC-CERT» мақсаты - киберқауіпсіздік мәселелері бойынша әріптестік мүмкіндіктерін қарастыру және бірлескен бастамаларды дамыту мақсатында алаңқай ұсыну. Конференция киберқылмысқа қарсы күрес және кибершабуылдарды дер кезінде тойтаруға қажетті тиімді әдістерді қолдану бағытындағы тәжірибе алмасатын алаң болып табылады.

Соңғы жаңалықтар