Қазақстан мен Қытай тарапы Шанхайда ЭКСПО-2017 көрмесіне қатысты бірқатар келісімдерге қол қойды

None
None
БЕЙЖІҢ-ШАНХАЙ. ҚазАқпарат - Қытайдың шанхай қаласында ЭКСПО-2017 тақырыбында роуд-шоу өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Шараны Шанхайдағы ҚР-дың Бас консулдығының көмегімен «Астана ЭКСПО-2017» ҮК» АҚ ұйымдастырды. Шараға қала мэрлігінің өкілдері, сыртқы қатынастар басқармасы, туризм басқармасы, Шанхай қаласының сауда-өндірістік палатасы, ЭКСПО-2017 көрмесіндегі қытайлық павильонның атқарушы комитеті, сондай-ақ қытайлық (CTRIP, One Billion Voices, China golden bridge travel service және т.б.) және қазақстандық туристік компаниялар мен қауымдастықтардың, БАҚ өкілдері қатысты.

Роуд-шоу барысында Қазақстан мен Қытай тарапы Шанхайда ЭКСПО-2017 көрмесіне қатысты бірқатар келісімдерге қол қойды.

Соңғы жаңалықтар