Қазақстан мен Қытай сот төрелігін жүзеге асырудағы ынтымақтастықты кеңейтуге ниетті

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Алматы қаласында Жоғарғы Соттың мамандандырылған сот алқасының төрағасы А. Қыдырбаева партком төрағасының орынбасары, ҚХР Жоғарғы Халық Соты төрағасының бірінші орынбасары Шэнь Дэюнмен кездесті.

А. Қыдырбаева мейманды қарсы ала отырып, Қазақстан мен Қытай арасындағы қарым-қатынастардың өзара түсіністік пен сенімділіктің дәстүрлі аясында дамитынын атап өтті. Екі елдің сот органдарының арасындағы белгіленген түсіністік пен тұрақты қарым-қатынас қазақстан-қытай ынтымақтастығының маңызды аспектісі болып табылатыны ескерілді.

Кездесу шеңберінде тараптар екі елдің сот жүйесінің дамуы туралы өзекті ақпараттармен алмасты. А. Қыдырбаева мейманды Қазақстан судъяларының VII съезі өтетіні туралы, оның барысында жаңа Әдеп кодексі қабылданатыны туралы хабардар етті. Сондай-ақ, шетелдік мейман Елбасы бастамашылық еткен «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының шеңберінде жүргізілген сот жүйесінің реформасы туралы нақты хабардар болды.

Сұхбат барысында А. Қыдырбаева судьяларды дайындау жүйесіне ерекше көңіл бөліп, «Қазақстанда судьялардың біліктілігін нығайтуға және жоғарылатуға ерекше көңіл бөлінеді. Ағымдағы жылдан бастап Сот төрелігі академиясы Жоғарғы Сотқа берілді. Қытайдың судьялар корпусының білімі, оқу процесін ұйымдастыруды зерттеу, оқыту әдісі мен ғылыми зерттеулерді жүргізу салаларындағы тәжірибесі бізге өте қызықты», - деп айрықша атап өтті.

Кездесу соңында тараптар сот төрелігін жүзеге асыру саласындағы ынтымақтастықты кеңейтуге ниеттерін білдірді.

Соңғы жаңалықтар