Қазақстан мен Қытай БҰҰ ҚК аясындағы ынтымақтастық мәселесін талқылады

None
None
БЕЙЖІҢ. ҚазАқпарат - Сыртқы істер министрінің орынбасары Ержан Ашықбаевтың басшылығымен Қазақстан делегациясы БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі аясында Бейжіңде өткен ынтымақтастық бойынша қазақстандық-қытайлық СІМ аралық консультацияға қатысты, деп хабарлады Қытайдағы «ҚазАқпарат» ХАА меншікті тілшісі.

2

«Қазақстан - Қытайдың жақсы досы, сенімді әріптесі. Тату көрші, жан-жақты стратегиялық әріптес болған Қытай мен Қазақстан саяси өзара сенімнің жоғары деңгейіне жетті. Біз бірлесіп экономиканы дамытамыз, қауіпсіздік саласында ынтымақтасамыз, тығыз мәдени байланыстарды реттейміз. Елдер арасындағы екіжақты қатынастар мемлекетаралық қатынастардың үлгісіне айналды», - деді кездесуде ҚХР СІМ орынбасары Ли Баодун.

3 Ли Баодун

Өз кезегінде Ашықбаев консультациялар 2017-2018 жылдары БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшесі ретінде Қазақстан жұмысты бастағанға дейін бір ай бұрын жүргізілетінін атап өтті. Ол ҚР СІМ Ерлан Ыдырысовтың атынан ҚХР СІМ Ван Иға Астанада өтетін ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер басшыларының саммитіне  және ҚХР Төрағасы Си Цзиньпиннің ЭКСПО көрмесінің ашылуына қатысуына дайындыққа орай Қазақстанға келуге шақырту қағазын берді.

4 5

СІМ аралық консультация басталғанға дейін Е. Ашықбаев ҚХР-дағы ҚР Төтенше және өкілетті елшісі Шахрат Нұрышев, қазақстандық дипломаттар, «Цзиньтай» мұражайының қызметкерлері Бейжіңдегі «Чаоян» орталық саябағындағы Абай ескерткішіне гүл шоқтарын қойды.
Бір күн бұрын Ержан Ашықбаев дөңгелек үстел форматында Қытай қоғамдық ғылым академиясының Әлемдік саясат және экономика институтының сарапшыларымен кездесті. Олар БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшесі лауазымында қазақстандық басымдықтарды талқылады.

6 7 8 

Соңғы жаңалықтар