Қазақстан мен Қытай бірлескен 12 жобаны іске асырады

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат -  Алдағы екі-үш жылдың ішінде Алматы облысында қазақстандық-қытайлық ауқымды 12 жобаны іске асыру жоспарлануда, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Олардың қатарынан Шелек дәлізіндегі жел электр стансысын, құрылыс материалдарын дайындайтын өндірістік  кәсіпорынды және Талдықорған-Өскемен арасындағы автожолды жаңғырту жұмыстарын атап өтуге болады.

Бұл жөнінде облыстық Кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасының басшысы Маржан Мұрат мәлім етті.

Брифинг барысында басқарма басшысы өткен жылы атқарылған  жұмыстарға тоқталды. Мәселен, 2016 жылдың қаңтар-қараша айларында Алматы облысының сыртқы сауда тауар айналымы 1400,5 млн. АҚШ долларын құрады. Экспорт 290,5 млн, ал  импорт 1110 млн. АҚШ долларына жетті.

Жалпы Алматы облысы әлемнің 108 мемлекетімен сауда-саттық жүргізеді. 41 мемлекетке тауар сатылса, 83 мемлекеттің өнімі әкелінеді.

Соңғы жаңалықтар