Қазақстан мен Қырғызстан заңсыз көші-қонмен күрес жөніндегі келісімге қол қойды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов және Қырғызстан Ішкі істер министрінің орынбасары Курсан Асанов екі ел арасындағы қарым-қатынастарды одан әрі дамыту, ынтымақтастықты кеңейту және уағдаласушы тараптардың аумағында заңсыз болатын көшіп-қонушыларды қайтару және қабылдау тәртібін ретке келтіруін көздейтін Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Қырғызстан Республикасы Үкіметі арасындағы Рұқсатсыз болатын адамдардың реадмиссиясы туралы келісімге қол қоюға қатысты.

Бұл туралы ІІМ-нің баспасөз қызметінен хабарлады. 

«Бұл заңсыз көші-қонға қарсы күрес жүргізу, мемлекеттер аумағында  заңсыз болған тұлғаларды қабылдауын жеңілдету, сенімді ынтымақтастық және жалпы халықаралық құқық нормаларына сәйкес олардың транзитіне бағытталған келісетін тараптардың құқықтық негіздерін құруға мүмкіндік береді. Сонымен бірге заңсыз көші-қонға қарсы күресті күшейтуге, мемлекеттер аумағына заңсыз келген адамдарды қабылдау ісін жеңілдетеді және оларды ортақ қабылданған халықаралық құқық нормаларына сәйкес және сенімді ынтымақтастық шеңберінде тиісті іс-әрекеттер қабылдауға мүмкіндік береді»,- деп атап өтті Қ.Қасымов.
     
Сондай-ақ, реадмиссия туралы шарт шетелдік туристердің үлкен легі күтіліп отырған «ЭКСПО-2017» Халықаралық көрмеге қарсаңында өзекті бола түспек. 

 

Соңғы жаңалықтар