Қазақстан мен Қырғызстан Талас өзенінің суын бөлісуге уағдаласты

None
None
ТАРАЗ. ҚазАқпарат - Жамбыл облысының делегациясы Қырғызстан Республикасының Талас облысы Талас қаласына сапарлап қайтты.

Екі шекаралас облыстардың басшылары кездесу барысында сауда-саттық, ауыл шаруашылығы, Талас пен Шу трансшекаралық өзендерінің су қорын бөлісу жайттарын талқылаған болатын, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Жамбыл облысы әкіміне сілтеме жасап.

«Былтыр 2016 жылы Жамбыл облысы әкімдігі мен Қырғыз Республикасы Талас облысының үкіметі құзырлы өкілдерінің арасында сауда, ауыл шаруашылығы, ветеринария және фитосанитария ахуалы, сонымен қатар Талас өзенінің суын бөлісу бойынша әріптестік туралы меморандумға қол қойды», - деді Жамбыл облысының әкімі Кәрім Көкірекбаев.

null 

Облыс басшысының айтуынша, Жамбыл өңірінде жыл сайын азық-түлікке деген сұраныс артуда, сол себепті ауыл шаруашылығында егістік жерлердің көлемі де артуда.

Осыған орай жамбылдық бағбандар ылғал сақтағыш технологияларды белсенді пайдалануда. Алайда суармалы су мәселесін шешу үшін бұл аздық етіп отыр. Жамбыл облысы суару маусымы кезінде бұл тіршілік көзінің 2,8 - 3 млрд. текше метрін қажет етеді. Бұл судың 80 пайызы Қырғызстаннан алынады. Жамбыл облысындағы 173 мың гектар жер Қырғызстаннан келетін сумен суарылады.

Кездесу барысында Шу мен Талас өзендерінің суын бөлісу туралы ережеге сәйкес, мемлекеттер арасында су ресурстарын бөлісудің маңыздылығы атап өтілді.

Әкімнің айтуына қарағанда, өзара үйлесімді жұмыстың болмағанынан 2016 жылы Киров су қоймасынан су ағызу оқиғалары орын алған. Салдарынан біршама ауылдарды су басып кетті, ондаған миллион теңге шығын келді. Осыған байланысты облыс басшысы, 2017 жылға арналған Киров су қоймасының бірлесе келісілген жұмыс кестесін жасауды ұсынды. 

null 

 

Соңғы жаңалықтар