Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы Жол картасына Елбасының арқасында қол қойылды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасы мен Қырғыз Республикасының арасында екіжақты экономикалық ынтымақтастық мәселелері бойынша Жол картасына ең алдымен Нұрсұлтан Назарбаевтың дипломатиялық дарыны мен көрегендігінің арқасында қол қойылды. ҚР Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеу институты директорының орынбасары Санат Көшкінбаев осылай деп пікірін білдірді, деп хабардайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

«Қазақстан мен Қырғызстан Үкіметтерінің Жол картасына қол қоюы қазақтандық-қырғызстандық қатынастағы соңғы уақытта қалыптасқан мәселелерді реттеуде сөзсіз айтулы жетістік болып табылады. Атап өтерлігі, қазақстандық басшылық ең алдымен сыртқы саясатта барлық көршілес елдермен өзара тиімді қарым-қатынасқа, көршілік татуластыққа баса маңыз беріп келеді. Бұл біздің сыртқы саясаттың негізі мен қағидаты», - дейді «ҚазАқпарат» агенттігіне пікір білдірген Санат Көшкінбаев.

Сарапшының айтуынша, Ұжымдық қауіпсіздік бойынша шарт ұйымының (ҰҚШҰ) саммитінің соңғы кездесуінде Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қырғызстанның жаңа сайланған Президенті Сооронбай Жээнбековпен кездесуде үлкен дипломатиялық дарындылығын танытқан.

«Нұрсұлтан Назарбаев қалайша кез келген тығырықтан оп-оңай шығып кетуге болатынын көрсете білді», - дейі ол.

Сарапшы өз сөзінде Қазақстан және Қырғызстанның саяси элиталары мен қоғамында туындаған мәселелерді қалай шешуге болатыны туралы сұрақ туындап келгенін айтады.

«Қазақстандық көшбасшыға ғана тән мәнер, меніңше, «Назарбаев стилі» деген атауға кездейсоқ ие болмаған секілді. Тез арада өзара тиімді шешімдер ұсынылды. Бұл Қазақстан Президентінің стратегиялық негізінде жатқан артықшылық. Өзара тиімділік, диалогтық формат, пейіл Мемлекет басшысының дипломатиялық тәжірибесінде бұрыннан келе жатыр. Бұл әлемдік ірі саясаткерлердің қатарындағы Нұрсұлтан Назарбаевтың зор тәжірибесі», - дейді Санат Көшкінбаев.

Оның пайымдауына қарағанда, жаңадан сайланған Қырғызстан Президенті өз тарапынан прагматикалық тұрғыда диалог жүргізуге дайын екенін білдірген.

«Өздеріңіз білетіндей, біздің Үкіметтер арасындағы бүгінгі кездесудің қорытындысы бойынша 50 пунктен тұратын Жол картасына қол қойылды. Ең бастысы, шекаралық бақылаудың жеңілдетілген тәртібіне ауыспақ болған қырғыз тарапы шекарадағы бақылау мен жауапкершіліктің айтарлықтай бөлігін орындауды мойнына алған. Осылайша, қырғыз тарапы екіжақты кездесу барысында Қазақстанның Қырғызстанға қойған талаптар тізімінің толығымен заңдылығын құптап отыр. Ол талаптар шынында да, заңды, негізді әрі ешқандай саясиландырылмаған болатын. Басқаша айтқанда, бұл мәселелерді өзара тиімді тұстарды есепке ала отырып, келісу негізінде шешуге болады», - дейді сарапшы.

Санат Көшкінбаев Жол картасының орындалуы екіжақты қарым-қатынасқа жаңа серпін бере отырып, көпжақты форматта тұрақтылыққа, Еуразиялық экономикалық одақ аясында экономикалық байланыстың бекуіне жол ашады.

«Осы шешімнің жүзеге асуы айналып келгенде екі жаққа да тиімді болар деп сенеміз. Ең бастысы - келісім өзара тиімді негізде қабылданды. Жаңа қырғыз билігі осынау прагматикалық қағидатты ұстанар деген сенімдеміз», - дейді ол.

«Қазақстан тарапынан меніңше, қолдан жасалған ешқандай кедергілер болмайды. Біз тіпті екі елдің қарым-қатынасының ең жанды тұсына келгенде келісуге дайынбыз. Негізгі мәселе - ендігі кезекте жағдай ешқандай саясиландырылмай, іс екі елдің де пайдасына негізделуі тиіс. Ал екі елдің арасында мүлде шешілмейтін мәселе жоқ. Бұл анық. Әр уақытта осылай еді, Қазақстан Президенті алдағы уақытта солай болатынын білдіре келе, бұл ұстаным біздің сыртқы саясатымыздың прагматикалық тұрғыдағы негізі екенін көрсетті», - дейді сарапшы.

Санат Көшкінбаевтың пікіріне сүйенсек, бұл үшін барлық құқықтық және саяси шаралар жасалған.

«Демек, бұл бағытта, әсіресе қазақстандық тараптан барлығы жасалды. Сондықтан, екі елдің қарым-қатынасы қайта түлей түсер деген сенімдеміз», - деп аяқтады ол.

Еске сала кетсек, 30 қарашада Беларусь мемлекетіне ресми іссапары барысында ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев қырғыз тарапының өтініші бойынша Қырғызстан Президенті Сооронбай Жээнбековпен кездесу өткізген еді. Минсктегі Қырғызстан Президентімен кездесудің қорытындысы бойынша Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасы негізінде 2017 жылдың 2 желтоқсанында қазақстандық тарап Астанаға келген Қырғыз Республикасының үкіметтік делегациясымен келіссөздер өткізді. Екіжақты кездесу барысында ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Асқар Мамин және Қырғыз Республикасының вице-премьер-министрі Толкунбек Абдыгулов екіжақты экономикалық ынтымақтастық мәселелері мен шекарадағы жағдай бойынша Жол картасына қол қойды.

Соңғы жаңалықтар