Қазақстан мен Корея зияткерлік көлік жүйесін дамытуда өзара ынтымақтастық орнатты

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР ИДМ Көлік комитеті мен Оңтүстік Кореяның Зияткерлік көлік жүйесі арасында өзара түсіністік туралы Меморандумға қол қойылды. Меморандумның мақсаты Зияткерлік көлік жүйелерін (ITS) зерттеу, жоспарлау, ілгерілету мен дамыту мәселелері жөніндегі екі тараптың ынтымақтастығын нығайту.

ҚР ИДМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, бұл тұрғыда ғылыми-зерттеу, білім беру және сауда ынтымақтастығына баса көңіл бөлінеді.

Меморандум аясында екі тарап өзара іс-қимылдың негізгі бағыттарын айқындады. Онда ITS-ті қолдану жөнінде ақпарат алмасуды реттеу, бірлескен зерттеу жұмыстарын жүргізу, технологиялық сынақтар өткізу және басқа да мәселелер қамтылады.
null 

Қазақстанда ITS  көлік пайдаланушыларын, инфрақұрылым мен көлікті  біріктіреді. Оның басты мақсаты - жолдағы қауіпсіздікті арттыру. Елімізде жекелеген учаскелерде ақы төлеу және автоматтандырылған өлшеу құралдары сияқты ITS компоненттері іске қосылған. Бейне бақылау және жол ережелерін бұзғандарды анықтау, жолдарда ауа райының климаттық жағдайларына талдау жасау және болжау жүйелерін енгізу жұмыстары атқарылып жатыр.

Соңғы жаңалықтар