Қазақстан мен Корея Сыртқы істер министрлері қандай мәселелерді талқылады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астана мен Сеул арасында өзекті халықаралық мәселелерге қатысты ұстанымдары ұқсас. Бұл туралы бүгін Корея Республикасының Сыртқы істер министрі Кан Ген Хвамен кездесуден кейінгі бірлескен мәлімдеме жасау барысында ҚР Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Кездесу барысында біз екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелері мен халықаралық күн тәртібінің, оның ішінде Корей түбегіндегі ахуалды, сондай-ақ саяси-экономикалық, әлеуметтік және басқа да өзара қарым-қатынастарды дамыту перспективалары туралы әңгімелестік. Қазақстан Республикасы Шығыс Азиядағы негізгі стратегиялық әріптестердің бірі болып табылатын Корея Республикасымен ынтымақтастықты жан-жақты дамытуға ерекше мән береді», - деп атап өтті министр.
null  

Осы ретте ол 2016 жылдың қараша айында Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың Сеулге жасаған мемлекеттік сапары екі елдің арасындғы ынтымақтастықтың жаңа беттерін ашқанын баса айтты.

«Қазіргі таңда Астана мен Сеул арасында өзекті халықаралық мәселелерге қатысты ұстанымдарымыздың ұқсастығы байқалып отыр. Оны ерекше атап өткім келеді. Халықаралық ұйымдар мен көпжақты форумдар аясында өзара жағымды іс-қимылдар өсіп келеді. Бүгінгі келіссөздер ортақ мақсаттардың бар екендігін тағы да бір мәрте дәлелдеді және елдеріміздің көптеген салалардағы ынтымақтастығын тереңдетуге өзара қызығушылықты тағы да растады», - деді Қайрат Әбдірахманов.
null 

Сонымен қатар министр Қазақстан Корея Республикасымен достық пен өзара қарым-қатынас рухына негізделген оң және берік қарым-қатынастарды дамытуды жалғастыратындығын айрықша атады.

«Осы жан-жақты дамуды біздің халықтардымыздың игілігі үшін сақтап қалуға барлық күш-жігерді жұмсайтын боламыз», - деді ол.
null  Екіжақты кездесу барысында сауда-экономикалық өзара іс-қимыл мәселелері қаралып, өткен жылы екі елдің арасындағы тауар айналымы көрсеткіштерінің қалпына келгендігі қанағаттанушылықпен аталып өтілді.
«Екіжақты инвестициялық-экономикалық бағыттағы оң трендтер де аталды. Оның ішінде Үлкен Алматы айналма автокөлік жолы құрылысы жобасын қоса алғанда көлік-логистикалық сала да бар. Мұнан бөлек, біз ақпараттық-коммуникациялық технологиялар, цифрландыру және төртінші өнеркәсіптік революцияның өзге де салаларындағы өзара іс-қимылды дамыту бойынша екі елдің ведомстволары мен түрлі институттары арасындағы ынтымақтастықты жандандыруға уағдаластық», - деді Қайрат Әбдірахманов.

Соңғы жаңалықтар