Қазақстан мен Корея әскери ынтымақтастықты жетілдірмек

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Қорғаныс министрінің орынбасары генерал-майор Талғат Мұхтаров Корея Республикасы Қорғаныс Министрлігінің Әскери барлау агенттігінің басшысы вице-адмирал Пак Донг Вумен кездесті, деп хабарлайды mod.gov.kz.

Генерал-майор Талғат Мұхтаровтың айтуынша, қауіпсіздік саласында қалыптасқан бүгінгі жағдай мемлекеттердің өзара ынтымақтастығын жетілдіруді қажет етіп отыр.

null  

«Достас мемлекеттердің қазіргі заманғы қауіп-қатерлерді уақытында ескертіп, оларға дер кезінде шара қолдану мақсатында тығыз қарым-қатынаста болуы маңызды. Бұл ретте біз Астанадағы Корея елшілігнен әскери атташенің ашылуын қолдаймыз. Біз кореялық серіктестеріміздің бұл қадамын қорғаныс саласындағы екіжақты қарым-қатынастарды жетілдіруге деген ұмтылысы деп бағалаймыз. Мен осы қадамның біздің мемлекеттеріміздің ынтымақтастығының жаңа кезеңі болатындығына сенімдімін»,-деді Мұхтаров.

null  

Кездесу барысында екі елдің әскери ынтымақтастығының басым бағыттары сөз болды. Олардың арасында әскери дайындық жүйесін жетілдіру жұмыстары аясындағы әскери білім беру, қорғаныс өнеркәсібі кешенін дамыту мен қару-жарақ және әскери техникаларды жаңғыртумен айналысатын бірлескен кәсіпорындар құру сияқты мәселелер бар.

null  

Соңғы жаңалықтар