Қазақстан мен Иран экономикалық ынтымақтастықты дамытуда

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Тегеранда қазақстандық өндірушілердің сауда-саттық миссиясы өтті. Шараны ұйымдастырушылар - ҚР ИДМ «Kaznex invest» экспорт және инвестиция жөніндегі ұлттық агенттік, Иран Ислам Республикасындағы ҚР Елшілігі және Иран сауданы жылжыту ұйымы.

2010 жылдан бастап «KAZNEX INVEST» АҚ Иранда 5 шара ұйымдастырды, оның нәтижесі бойынша жалпы сомасы 100 млн АҚШ долларына экспорттық келісімшарттарға қол қойылды. Олар қой еті, трансформатор, аммиак селитрі, қазандықтар, майлы өнімдер, фанер, полиматериалдар, сым, құбыр, дәрілік заттар, макарон бұйымдары және т.б. деп хабарланды «Kaznex invest»  экспорт және инвестиция ұлттық агенттігі» АҚ баспасөз парағында.

Бұл сауда-саттық миссиясында Қазақстан металлургиялық, машина жасау, құрылыс, тағам саласы кәсіпорындарын ұсынды. Отандық кәсіпорын басшылары Иранның әлеуетті сатып алушыларымен келіссөздер жүргізді.

 «Қазақстан мен Иран арасында сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты дамыту бойынша жол картасына қол қойылды. Осы құжатқа сәйкес елдер арасында тікелей авиарейстерді іске қосу көзделді. Сонымен, осы жылы жазда «Air Astana» ұлттық авиатасымалдаушы Алматыдан Тегеранға жаңа тікелей рейс ашты, ұшырылымдар аптасына үш рет орындалады. Бұл Иран мен Қазақстан бизнесмендеріне жиі және белсенді өзара жұмыс істеуіне мүмкіндік береді», - деп атап өтті «Kaznex invest» басқарушы директоры Асқар Арынов.

Қазір Қазақстанда экономиканың түрлі салаларында жұмыс істейтін бірлескен қазақстандық-ирандық 160 кәсіпорын жұмыс істейді.

Соңғы жаңалықтар