Қазақстан мен Германия президенттері Путин-Трамп келісімін талқылады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Гамбург қаласында өткен G-20 саммиті кезінде Ресей Федерациясының президенті Владимир Путин мен АҚШ басшысы Дональд Трамп кездесіп, Сирия мәселесі бойынша бір келісімге келген болатын. 

Бүгін Ақордада жүздескен Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев пен Германия Президенті Франк-Вальтер Штайнмайер аталған келісімдер бойынша өзара пікір алмасты, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

"Біз Путин мен Трамп арасындағы келіссөздерді де талқыға салдық. Жергілікті жерде бітімге келу туралы келісім болса да, онымен Сирия мәселесін реттеу жұмысы аяқталды деуге болмайды. Бұл шиеленісті шешудің басы ғана, мәселені реттеу жолына түсудің амалы", - деді Штайнмайер Ақордада өткен кездесуден кейінгі баспасөз мәслиxатында.

Айта кетейік, G-20 саммитінде Ресей мен АҚШ "Сирия жерінде барлық қарулы топтар атысты тоқтатады" деген келісімнің орындалуын өз мойындарына алған болатын. Бұдан бөлек, гуманитарлық көмекке қажетті жағдай жасалып, оппозиционерлер арасында байланыс орнатылуы шарт. Ал Иордания жерінде құрылатын мониторинг орталығы бақылау шараларын жүргізеді.

Соңғы жаңалықтар