Қазақстан мен Германия аграрлық салаларда ынтымақтаспақ

None
None
БЕРЛИН. ҚазАқпарат - Берлинде «Ауыл шаруашылығы және агроөнеркәсіп кешені ілгерілеуде - неміс бизнесі үшін мүмкіндіктер» дөңгелек үстелі өтті. Шара «Жасыл апта - 2018» халықаралық ауыл шаруашылығы көрмесі аясында ұйымдастырылды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА меншікті тілшісі.

Іс-шара ГФР-дағы ҚР Елшілігінің және Қазақстан-Германия аграрлық-саяси диалогының ұйымдастырушылық қолдауымен Германия компаниялары мен ауылшаруашылық бірлестіктері өкілдерінің қатысуымен өткен.  
null 

Германиядағы Қазақстан елшісі Болат Нүсіпов неміс серіктестеріне Мемлекет басшысының «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» Жолдауындағы ҚР Агроөнеркәсіп кешенін дамыту бөліміндегі негізгі мақсаттар мен міндеттермен таныстырды.

«Германияның аграрлық-саяси диалог арқылы ауыл шаруашылығы әлеуетін қолдану мен Қазақстанның агроөнеркәсіп саласын тұрақты дамыту үдерісіндегі білімі және тәжірибесімен Қазақстанға белсенді қолдау көрсетіп отырғанын атап өткім келеді», - деді қазақстандық дипломат.
null 

Өз кезегінде, С.Сейфуллин атындағы агротехникалық университеттің ректоры Ақылбек Күрішбаев Дүниежүзілік азық-түлік ұйымының «Қазақстанды азық-түлікпен әлемді қамтамасыз ету әлеуеті бар үздік бес елдің ішіне қосқанын» атап өтті.

«Қазақстан-Германия аграрлық-саяси диалогы» жобасының жетекшісі Дитхард Рудерт ҚР мен ГФР арасындағы ынтымақтастықтың берік екендігін тілге тиек етіп, оның негізгі бағыттары туралы айтты.
null 

Оның айтуынша, Қазақстан-Германия аграрлық-саяси диалогының басты міндеті ҚР мен ГФР жоғары оқу орындары арасындағы ғылыми ынтымақтастықты қамтамасыз ету және заңнама жасап шығаруға көмектесу болып табылады.

Жалпы алғанда, дөңгелек үстелдің қатысушылары Қазақстанның инвестициялық тартымдылығын атап өтіп, ауыл шаруашылығы, агроөнеркәсіптік машина жасау салаларындағы бірлескен жобаларды жүзеге асыруға қызығушылық танытты.
null 

Айта кетейік, «Жасыл апта 2018» халықаралық ауыл шаруашылығы көрмесі аясында Берлинде 67 елдің 1600 жәдігері таныстырылды. 

Соңғы жаңалықтар