Қазақстан мен Германия 2018 жылы көлікпен жүк тасымалдау көлемін келісті

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бонн қаласында Халықаралық автокөлік тасымалы мәселелеріне арналған Қазақстан-Германия аралас комиссиясының отырысы өтті. Тараптар автокөлік тасымалы саласындағы ынтымақтастық мәселелерін талқылап, алдағы жылға рұқсат бланкілерімен алмасу квотасын белгіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР ИДМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Тараптар 2018 жылы екі жақты тасымалдарға және транзиттік жүріп өтуге арналған алдын ала рұқсаттама құжаттармен алмасуды қазақстандықтар үшін 12 250 дана көлемінде, ал германиялықтарға 6 мың дана көлемінде белгілеу жөнінде келісті. Үшінші елдерден/елдерге рұқсаттама құжаттарын екі тарапқа 1000 дана көлемінде берілетін болып келісілді», делінген хабарламада.  

2017 жылғы 9 айдың қорытындысы бойынша екі ел арасындағы тасымал көлемі 2016 жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 37,8 мың тоннаға, яғни 166 мың тоннадан 204 мың тоннаға дейін артқан. Негізгі тасымалданатын жүктер - көліктер, механизмдер мен жабдықтар, өсімдік өнімдері, химиялық өндіріс өнімдері жатады.  

Соңғы жаңалықтар