Қазақстан мен Финляндия президенттері түскі аста не жайында сөйлесті

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Финляндия Президенті Саули Ниинистё ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесін аралағаннан кейін бірге түскі ас ішті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Біз түрлі мәселелерді, негізінен халықаралық жайттарды талқыладық. Назарбаев мырза ауқымды маңызды мәселелерде үлкен  рөлге ие. Өкінішке қарай Сирия сынды бұл мәселелердің барлығы да күрделі. Біз Сирия бойынша келіссөздердің (Астана процесі) өткендігін білеміз және олардың Таяу Шығыста барынша бейбіт дамуға сеп боларына үміт артамыз. Бізде оған қатысудамыз. Украина проблемасы бойынша да нәтиже алуға тырысудамыз. Бұлар бізді біріктіре түседі. (...). Президент Назарбаев тек көршілермен ғана емес, сонымен бірге халықаралық деңгейде де тұрақтылықты қалыптастыру жолында өте маңызды рөлге ие», - деді Саули Ниинистё «ЭКСПО-2017 көрмесінің баспасөз орталығында өткен баспасөз мәслихаты барысында.

Мұнан бөлек, тараптар өзара ынтымақтастықты кеңейтуге де үміт артып отыр. С.Ниинистёнің атап өтуінше, Финляндияның Сыртқы сауда министрі бұл мәселемен тұрақты жұмыс істеп келеді.

«Мәселен, Хельсинки мен Астананың немесе Алматының арасында тікелей рейс ашу мәселесі бар. Қазіргі уақытта талқылану үстінде. Сапар барысында бұл мәселеге қатысты бірқатар қадам жасадық (...) мен бұған үмітпен қарап отырмын. Шын мәнінде бұл мәселеде алға қарай ілгерілей аламыз деп ойлаймын», - деді Финляндия Президенті.

Соңғы жаңалықтар