Қазақстан мен Эстония транзиттік-көлік саласында өзара іс-қимыл орнатуды жоспарлауда

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Таллинде экономикалық және ғылыми-техникалық ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-Эстония үкіметаралық комиссияның (ҮАК) 5-ші отырысы өтті, деп хабарлайды primeminister.kz.

null
ҮАК-тің қазақстандық бөлігін Қазақстан Республикасы сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенко, эстондық бөлігін Эстония Республикасы сыртқы істер министрлігінің вице-канцлері Вяйно Рейнарт басқарды.

Тараптар инвестициялық және транзиттік-көлік салаларындағы, агроөнеркәсіп саласындағы, ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу, құрылыс және туризмдегі өзара іс-қимыл болашағын талқылады. Ақпараттық технологияларды енгізу, білім және ғылым, денсаулық сақтау салаларындағы ынтымақтастықтың едәуір даму әлеуеті атап өтілді.

В. Рейнарт өз сөзінде Қазақстан Эстония үшін өңірдегі маңызды сауда-экономикалық әріптес болып табылатынын мәлімдеді. Экономикалық қарым-қатынастарды талқылау шеңберінде негізгі тақырып ретінде транзиттік-көлік саласында өзара іс-қимыл орнату ұсынылды. Эстондық тарап «Жібек жолы экономикалық белдеуі» тұжырымдамасы аясында бірлескен жобаларды іске асыру үшін өз елінің порт және теміржол қуаттылықтарын пайдалану мүмкіндіктерімен таныстырып өтті.  

Өз кезегінде, Р. Василенко Эстониямен қарым-қатынасты жан-жақты дамыту міндетін еуропалық бағыттағы маңызды міндеттердің қатарына жатқызатынымызды атап өтті. Эстония Қазақстан мен ЕО арасындағы, әсіресе экономикалық салада қосымша байланыстырушы буын бола алады.

Қазақстандық дипломаттың айтуы бойынша, еуразиялық кеңістікте жаңа транзиттік-көлік дәліздерінің, магистральды бағдарлардың ашылуы осы мақсатқа ықпал етуі мүмкін.  

null  

Тараптар білім және ғылым саласындағы ынтымақтастық, сондай-ақ екі елдің жоғарғы оқу орындарының өзара іс-қимылы туралы келісімдерді іске асырудағы өзара жетістіктерін атап өтті. Одан басқа, Қазақстан мен Эстонияның бірлескен жобаларға, әсіресе ІТ-технологияларды енгізу саласындағы бағдарламаларға қатысатын жоғарғы оқу орындарының студенттері мен оқытушыларының санын одан әрі ұлғайту орындылығы да атап өтілді.

Туризмді дамыту мүмкіндіктерін талқылай отыра, Р. Василенко экономиканың осы саласы үшін ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесінің маңыздылығын атап өтіп, Қазақстанда әзірленген, Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық және туристік әлеуетімен таныстыратын «Қазақстан - Ұлы дала елі» атты қосымшамен таныстырды.

Отырыс қорытындысы бойынша, екіжақты ынтымақтастықтың болашақ бағыттарын көрсететін хаттамаға қол қойылды. 

Соңғы жаңалықтар