Қазақстан мен ЕО арасындағы серіктестік жөніндегі келісім Франция Сенатында қаралады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Франция Сенатында Қазақстан Республикасы мен Еуропалық Одақ арасындағы кеңейтілген серіктестік пен ынтымақтастық туралы келісімді ратификациялау туралы заң жобасы қаралуда. Аталмыш құжат аясында Франция снеаторлары Қазақстан елшісі Жан Галиевті тыңдады. Бұл туралы ҚазАқпарат ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Құжатттың мәтіні Франция Парламентінің Жоғарғы палатасына дауыс беру үшін 15 ақпанда шығарылады. Кездесу барысында елші Халықаралық істер комитетінің өкілдеріне Қазақстан мен Еуроодақтың ынтымақтастығына қатысты демократия мен адам құқықтары, терроризммен және өзге де жаһандық қауіп-қатерлермен күрес бойынша, сондай-ақ Астананың бейбітшілікті қолдау бағытындағы бастамаларына байланысты тыңғылықты жауап берді.

Қазақстан елшісі сонымен қатар «Франция-Орталық Азия» жаңартылған достық тобының жетекшісі Натали Гулемен, Қазақстанмен ынтымақтастық мәселесіне жауапты Ренэ Данэзимен және өзге де Парламент өкілдерімен кездесті. Тараптар парламентаралық байланыстарды тереңдетуге, соның ЕҚЫҰ-ның ПА аясындағы ынтымақтастығты нығайтуға баса көңіл бөлді.

Елші франция көшбасшысы Эмманюэль Макронның Давосс экономикалық форумында сөйлеген сөзінің Қазақстан Президентінің алдыға қойып отырған мақсат-міндеттерімен үндесетінін атап өтті.

Әңгіме соңында елші достық тобының мүшелерімен тұрақты кездесіп тұратын болып келісілді. Сондай-ақ орталықтандырылған ынтымақтастық аясында Франция өңірлерінің бірлескен кездесулерін ұйымдастыру жөнінде уағдаластық орнатылды.

Соңғы жаңалықтар