Қазақстан мен Чжэцзян арасында сауда-экономикалық байланыс қарқын алды

None
None
БЕЙЖІҢ. ҚазАқпарат - Қазақстан мен Қытайдың Чжэцзян провинциясы арасында сауда -экономикалық байланыс жыл өткен сайын жанданып келеді. Бұл туралы Қытай еліне сапармен барған қазақстандық жетекші БАҚ өкілдерімен кездескенЧжэцзян провинциясы əкімшілігінің халықаралық байланыс басқармасының басшысы Пан По айтты, деп хабарлайды "ҚазАқпарат" ХАА тілшісі.

Чжэцзян провинциясы Қытайдың оңтүстік шығысы бөлігінде орналасқан. Жер аумағы 26 мың шаршы шақырымды құрайды. 10 мың ғасыр тарихы бар провинция кезінде Ханчжоу қаласының, 2 жыл Қытайдың астанасы болған.

Пан По мырзаның айтуынша, əсем табиғатымен танымал провинцияның экономикасы соңғы жылдары қарыштап  өсуде. Мәселен,  өткен жылы провинцияның ішкі өнім көлемі 700 миллиард АҚШ долларына жуықтаған. Қытайдың ең үлкен нарығы болып саналатын провинцияда  4 мыңнан астам сауда алаңдары бар. Оған қоса, Чжэцзян электрондық сауда және желілік сауда платформасы жағынан алғанда əлемде көш бастап тұр. Аймақтың əсем табиғатының арқасында мұнда ішкі жəне сыртқы туризм де жақсы дамыған. Өткен жылы мұнда  573 миллион қытайлық жəне 11,2 миллион шетелдік турист келіп кетті. Одан бюджетке 117 миллиард доллар кіріс кірген.

"Чжэцзян провинциясы ерте кезден  "Ұлы Жібек жолы" арқылы Азия  және  Еуропаны байланыстырып келеді. Қазіргі кезде "Бір белбеу - бір жол" жобасы жүзеге асырылуда. Бұл аймаққа əлемнің 200 астам елдерімен сауда-экономикалық байланыс жасауға мүмікіндік  бермек. Бұл елдердің арасында Қазақстан Республикасы да бар. Өткен жылы Чжэцзян провинциясы мен Қазақстан арасында сауда айналымының көрсеткіші 500 миллион АҚШ долларын құрады. Дүниежүзі экономикасының қарқынды дамуы жағдайында елдердің өзара ресурстар алмасуының  əлеуеті жоғары. Осы орайда Қазақстан мен Қытайдың Чжэцзян провинциясының арасында сауда-экономикалық байланысының əлеуеті жоғары", - деп атап өтті Пан По мырза.

Соңғы жаңалықтар