Қазақстан мен Беларусь ғарыш саласындағы ынтымақтастық құжатын бекітті

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Астанада ҚР Үкімет басшысы Бақытжан Сағынтаев пен Беларусь премьер-министрі Андрей Кобяковтың кездесуінен кейін бірқатар құжаттарға қол қойылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Сонымен, ҚР Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бейбіт Атамқұлов пен Беларусь Ұлттық ғылым академиясының төралқа төрағасы Владимир Гусаков ғарыш кеңістігін бейбіт мақсаттарда зерттеу және пайдалану саласындағы ынтымақтастық туралы үкіметаралық келісімге қол қойды.

null null 

«Хабар» агенттігі» АҚ Басқарма төрайымы Алмагүл Ахметжанова мен «Белтелерадиокомпаниясы» төрағасы Геннадий Давыдько ынтымақтастық туралы келісімді бекітті.

null null 

Сонымен қатар Қазақстан Сыртқы сауда палатасының басқарма төрағасы Аян Еренов пен Беларусь Сауда-өнеркәсіп палатасының төрағасы Владимир Улахович ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды.

null null 

Бұдан бұрын хабарланғандай , ҚР Үкімет басшысы Бақытжан Сағынтаев пен Беларусь премьер-министрі Андрей Кобяков келіссөздер жүргізді. 

«Екі елдің арасындағы қатынастар достық пен ынтымақтастық рухында қарқынды түрде дамып келеді. Осы орайда біздің елдердің көшбасшыларының рөлі айрықша. Қазіргі кезде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Минскіге сапарына дайындалып жатырмыз. Атап айтқанда, дайындық жұмыстары қызу жүріп жатыр. Мемлекет басшысының сапары Қазақстан-Беларусь қатынастарын дамыта түсуге елеулі серпін береді деп болжап отырмыз»,- деді Бақытжан Сағынтаев.

Соңғы жаңалықтар