Қазақстан мен БАӘ-мен ғарыш саласындағы ынтымақтастықты нығайтуға ниетті

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанаға Біріккен Араб Әмірлігі ғарыш агенттігі директорлар кеңесінің төрағасы, жоғары білім мемлекеттік министрі Ахмад Белхул Әл-Фаласи жұмыс сапарымен келді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

ҚР Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінде (ҚР ҚАӨМ) өткен кездесу кезінде ғарыш саласындағы екіжақты ынтымақтастық мәселелері талқыланған.

ҚР ҚАӨМ баспасөз қызметінің мәліметінше, БАӘ делегациясы Қазақстандағы сапары аясында «Байқоңыр» кешеніне барады. Онда Қазақстан, Ресей және БАӘ арасында ғарыш саласындағы ынтымақтастық бойынша үшжақты келіссөздер өтеді деп жоспарлануда.

БАӘ ғарыш агенттігінің өкілдері 21 наурыз күні 23 сағат 44 минутқа жоспарланған Байқоңырдан ұшырылатын «Союз МС-08» көліктік кемесі бар «Союз-ФГ» зымыран-тасығышын бақылайтын болады. 

Соңғы жаңалықтар