Қазақстан мен БАӘ діни экстремизмен күрес саласындағы екіжақты ынтымақтастықты жандандыруға уағдаласты

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Біріккен Араб Әмірліктеріне ресми сапары аясында ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрі Нұрлан Ермекбаев Зорлық-зомбылық экстремизміне қарсы іс-қимыл жөніндегі «Хедая» халықаралық орталығының директоры, доктор Али Рашидпен және аталған орталықтың атқарушы директоры Максуд Крузбен кездесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің ақпаратына сәйкес, кездесу барысында халықаралық терроризмге қарсы іс-қимыл және діни экстремизмнің алдын алу саласындағы өзекті мәселелер бойынша жемісті пікір алмасу болды. Тараптар діни экстремизмен күрес саласындағы екіжақты ынтымақтастықты жандандыруға уағдаласты.

Соңғы жаңалықтар