Қазақстан мен Әзербайжан арасындағы тауар айналымы 2,8 млрд долларды құрады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Соңғы 10 жылда Әзербайжаннан Қазақстанға инвестиция көлемі - 168 миллион АҚШ долларын, ал Қазақстаннан Әзербайжан Республикасына 20 млн АҚШ долларын құрады. Бұл туралы Парламент Мәжілісінің бүгінгі жалпы отырысында ҚР Қаржы министрі Бақыт Сұлтанов мәлім етті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Қаржы министрі мәжілісмендерден екі ел арасындағы хаттаманы ратификациялауға қолдау білдіруді сұрады. Ол хаттама ҚР мен ӘР Үкіметтері арасындағы табыс пен мүлікке қосарланған салық салуды болдырмау және салық төлеуден жалтаруға жол бермеу туралы конвенцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізуге бағытталған.

«Ратификациялау үшін ұсынылып отырған хаттама біріншіден, ақпарат алмасуды кеңейту жолымен екі мемлекеттің салық қызметтерінің ынтымақтастығын дамытуға екіншіден, салықтан жалтарулармен, конвенция ережелерін теріс пайдалану болған кезде ішкі заңнаманы қолдануға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, хаттама бойынша Қазақстан және Әзербайжан терминдеріне өзгерістер енгізілді. Салықтардың атаулары жаңартылды. Мемлекеттердегі резиденттікті анықтауды реттейтін баптың ережелері нақтыланды», - деді министр.
null  

Бақыт Сұлтанов екі мемлекет арасында салық салу базасында осы хаттаманың рөлі маңызды екенін атап өтіп, Әзербайжанмен өзара сауда-саттық туралы статистикаға тоқталды.

«Соңғы 10 жылда  Қазақстан мен Әзербайжан арасындағы тауар айналымы 2,8 миллиард АҚШ долларын құрады. Қазақстандық экспорттың негізгі баптары - бидай, шикі мұнай өнімдері және темірден жасалатын бұйымдар болып табылады. Импорт құрылымында қант және орман жарақтары басым. Соңғы 10 жылда Әзербайжаннан Қазақстан Республикасына инвестициялар 168 миллион АҚШ долларын құрады. Ал Қазақстаннан Әзербайжан Республикасына 20 млн АҚШ долларына жақын», - деді ол.

Талқылаудан кейін Палата депутаттары заң жобасын қабылдады.
null 

Соңғы жаңалықтар