Қазақстан мен Ауғанстан арасында әуе рейстері тұрақты болады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан мен Ауғанстан арасында халықаралық әуе рейстер тұрақты қатынайтын болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Мұндай келісім Ауғанстан премьер-министрі Абдулла Абдулланың Қазақстанға ресми сапары аясында бекітілді.

«Екі елдің әуе әкімшіліктерінің басшылары екі мемлекет арасындағы тұрақты ұшуларды орындау үшін Құқықтық база құру туралы келісімге қол қойды. Аталған келісім бойынша аптасына 3 халықаралық рейсті орындау қарастырылған», - деп хабарланды ҚР Инвестициялар және даму министрлігі Азаматтық авиация комитетінің Фейсбуктегі парақшасында.

Комитеттің хабарлауынша, бүгінгі күнге дейін ауғандық «Кам Эйр» әуе компаниясы арқылы Алматы-Кабул бағыты бойынша чартерлік ұшулар ғана орындалған. Енді бұл рейстер тұрақты негізге ауыстырылады.

Соңғы жаңалықтар