Қазақстан мен Аргентина полодан жолдастық кездесу өткізді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан мен Аргентинаның полодан жолдастық кездесуіа ЭКСПО көрмесінде өткен Аргентинаның ұлттық күні мерекесіне арналды, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

"Негізі, аргентиналықтар ат үстінде доп ойнау спорты жағынан үздік командаларлың қатарына кіреді. Ол жақта полоны тамашалау үшін стадионға мыңдаған адам жиналады. Бізде де ол кеңінен танылады деп сенемін. Қазақстанда бұл ойынның болашағы зор. Себебі біздің ат үстінде доп ойнауға икеміміз бар", - дейді полодан Қарағанды қалалық федерациясының жетекшісі Асланбек Мешков.



Оның айтуынша, Қазақстанның республикалық федерациясы сан алуан чемпионаттарды жиі өткізіп тұрады. Ал қазақстандық спортшылар Германия мен Аргентинаға барып отырады.





Бүгінгі ойынды ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев, сондай-ақ Аргентинаның екі бірдей министрі - ғылым, технологиялар және инновациялар министрі Нино Баранао мен бұқаралық ақпарат құралдары және қоғамдық пікір министрі Эрнан Ломбарди тамашалады.



Түске дейін олар ЭКСПО көрмесінде Аргентинаның ұлттық күніне арналған мерекелік шараға да қатысты . 

Соңғы жаңалықтар