Қазақстан мен Аргентина бірлесіп журналист мамандарды даярлайды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев пен Аргентинаның бұқаралық ақпарат құралдары және қоғамдық пікір министрі Эрнан Ломбарди өзара ынтымақтастық туралы меморандумды рәсімдеді, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

null
«Меморандум аясында жаңалықтармен, деректі фильмдермен алмасып, спорт саласында ақпараттарды да жариялау жоспарланған. Бұдан бөлек, журналист мамандарды бірлесіп даярлау қарастырылған», - деді Эрнан Ломбарди журналистерге берген сұxбатында. Шара аясында министр Абаев шетелдік мейманға «Қазмедиа» орталығын аралатты.

Айта кеткен жөн, Қазақстан мен Аргентина арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастар 1993 жылы 25 маусымда орнаған болатын. Содан бері сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салада сан алуан құжаттарға қол қойылды.
null 

Биыл Аргентина ЭКСПО-2017 көрмесіне қатысып, жеке павильонын ашып отыр. Аталған павильонның ұлттық комиссары - Аргентинаның бұқаралық ақпарат құралдары және қоғамдық пікір министрі Эрнан Ломбарди.

Ертең, 23 шілде күні көрме аймағында Аргентинаның ұлттық күні аталып өтеді. Оған да ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев қатысады.

Соңғы жаңалықтар