Қазақстан машина жасау саласы өнімдерін 17 елге экспорттамақ

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан машина жасау саласы өнімдерін 17 елге экспорттамақ. Бұл туралы бүгін Қазақстан машина жасаушыларының V форумында ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Асқар Мамин мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Оның атап өтуінше, Қазақстан ең алдымен Еуразиялық экономикалық одақтың, одан кейін Қытайдың, ЕАЭО-ға кірмейтін көрші елдердің нарықтарын игеруге ниетті. Ал 2020 жылға дейін 17 елдің, оның ішінде Еуропалық одақтың нарығына машина жасау саласының өнімдерін шығара бастамақ.  Бұл ретте бірінші премьер-министр Еуропалық одақ нарығына кіру үшін көп жұмыс атқару керектігін айтып отыр. Дегенмен, қазірдің өзінде жекелеген өнімдерге Еуропалық одақ органдарынан рұқсат қағазын алып үлгерген.

«Барлық мүмкіндік бар. Енді тек жаңа нарықтарды игеруге жұмыс істеу  қажет. Әр уақытта әйтеуір бір қиындықтарға сілтеме жасау, әрине, ыңғайлы. Бірақ ол өндірістің дамуына және бәсекеге қабілетті болуға көмектеспейді. Осыған байланысты Үкіметтің атынан мынаны айтқым келеді. Біз өндірушілерімізден күнделікті жұмыс істеуге және машина жасау саламыздың бәсекеге қабілеттілігін дамыту үшін көмек бере алатын барлық мәселелерді шешуге дайынбыз», - деді Асқар Мамин.

Соңғы жаңалықтар