Қазақстан қытайлық Шэньси провинциясымен ынтымақтастықты нығайтады

None
None
БЕЙЖІҢ-СИАНЬ. ҚазАқпарат - 2017 жылдың 20-21 қыркүйегіндегі Сиань қаласына жұмыс сапары барысында ҚХР-дағы ҚР елшісі Шахрат Нұрышев Шэньси провинциясының губернаторы Ху Хэпинмен кездесті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА Қытайдағы тілшісі.

Кездесу барысында тараптар «Нұрлы жол» және «Бір белдеу, бір жол» бастамаларын, Қазақстан облыстары мен Шэньси провинциясы арасындағы өңірлік өзара ықпалдастық пен байланыстардың дамуы мәселелерін талқылады. Сонымен қатар, ауыл шаруашылығы, ғылыми-техникалық, транзиттік-тасымалдау байланыстары, Бақытжан Сағынтаевтың Шэньси провинциясына сапары (2016 жылдың шілде айы) кезінде жасалған келісімдерді жүзеге асыру мәселелері де қарастырылды.

Қазақстан Республикасының провинцияға ықпалдастығын нығайту жөнінде уағдаластық жасалды.

Елші губернатор Ху Хэпинге Шэньси провинциясының Астана қаласындағы халықаралық мамандандырылған «ЭКСПО-2017» көрмесіне белсене қатысқанына алғыс айтты.

Сондай-ақ, Сианьға сапары барысында Ш.Нұрышев Сиань шет тілдер университеті жанынан ашылған Қазақстанды тану орталығы мен Еуразиялық экономикалық форумның ашылу салтанатына қатысты. 

Соңғы жаңалықтар