Қазақстан Қытайға ірі қара мал басын тірідей экспорттамақ

None
None
БЕЙЖІҢ. ҚазАқпарат - «Қазақстанның ет одағы» ЗТБ және CITIC Construction қытай компаниясы арасында тірі сиырлар мен сиыр еті өндіру мен экспортына арналған меморандумға қол қойылы. Жоба 2018-2024 жылдарға арналған инвестициялық бағдарламаны жүзеге асыру бойынша іске аспақ, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА Қытайдағы меншікті тілшісі.

Құжатқа ҚР Премьер-Министрінің орынбасары  - Ауыл шаруашылығы министрі Асқар Мырзахметовтың ҚХР-ына жұмыс сапары аясында қол қойылды. Ол ҚР экономикасына 600 миллион доллар қытай инвестициясын тартуды көздейді.

«Тартылған инвестиция ең алдымен Қазақстанда мал санын көбейтуге жұмсалады. Біз шамамен жыл сайын Қытайға 240 мың бас ірі және ұсақ тірі мал жіберуді жоспарлап отырмыз. Бұл мемлекет жүргізген қыруар жұмыстың заңды нәтижесі - барлық заман талаптарына сай инфрақұрылымдар салынды,  олар австралиялық немесе америкалық технологиялардан еш кем түспейді», - деді «Қазақстан ет одағы» ЗТБ-інің басшысы Мақсұт Бақтыбаев ҚазАқпаратқа берген сұхбатында.

Оның айтуынша 2010-2015 жылдардағы шетелдерден әкелінген мал тұқымы  Қазақстанда өндірілетін ет сапасын жақсартты.

«Қазір біз ұсынып отырған мал сапасы жағынан Қытай жыл сайын 2 млн бас импорттап отырған Австралия малынан кем түспейді. Бұл бастама алдағы 5-7 жыл ішінде Қазақстандағы ірі және шағын фермерліктің дамуына үлес қосады», - деді М.Бақтыбаев. 

Соңғы жаңалықтар