Қазақстан Қытайды Astana Media Week форумына қатысуға шақырды

None
None
БЕЙЖІҢ. ҚазАқпарат - ҚР Ақпарат және коммуникациялар вице-министрі Алан Әжібаев  қытайлық БАҚ өкілдерін Astana Media Week және Азиялық-Тынықмұхиттық хабар тарату одағы (ABU) шараларына қатысуға шақырды.

«2017 жылғы күзде Ақпарат және коммуникациялар министрлігі Қазақстан телевидениесі тарихында тұңғыш рет  халықаралық Astana Media Week контент-алаңын ұйымдастырған болатын. Бұған  Қытай, Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан және Беларусты қосқанда 2 мың адам қатысты»,-деп атап өтті ол Бейжіңде болған «Ғылымды және телерадио хабарларын тарату «Бір жол, бір белдеу» форумы аясында.

Алан Әжібаевтың сөзіне қарағанда, Astana Media Week өзін жыл сайын өткізілетін табысты жоба ретінде танытқан. Ағымдағы жылы бұл шара қыркүйек айына жоспарланып отыр.

Соңғы жаңалықтар