Ауа райы
Астана 20 °С
Алматы 17 °С
валюта бағамы
USD 332.80
EUR 390.57
RUB 5.60
CNY 49.88

Қазақстан Қырғызстанға ЕАЭО аясында техникалық көмекке қаржы бөледі

Қазақстан Қырғызстанға ЕАЭО аясында техникалық көмекке қаржы бөледі
2017 жылғы 13 тамыз 21:54 340

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қырғыз Премьер-министрі Қырғыз Республикасының Еуразиялық экономикалық одаққа мүше болуы кезінде техникалық көмек ретінде 100 млн АҚШ долларын бөлу туралы келісімді ратификациялағаны үшін Қазақстанға алғыс білдірді.

Бұл жайында Астанада Қырғызстан Премьер-Министрі Сооронбай Жээнбековтің Қазақстанның Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаевпен еікжақты кездесуі кезінде белгілі болды, деп хабарлайды Кабар.

Сонымен қатар, кездесуде С.Жээнбеков ҚР Үкімет басшысын Астанада қырғыз делегациясын құшақ жая қарсы алғаны үшін алғыс білдіріп, ертеңгі Еуразиялық үкіметаралық кеңес отырысын сәтті өткізілуіне тілектестігін жеткізді.

«Сізді және Қазақстан халқын ЭКСПО көрмесінің сәтті өткізілуімен құттықтаймын. Салтанатты ашылуы өте тамаша болды»,- деді С.Жээнбеков. Өз кезегінде Б.Сағынтаев жазғы маусымда туристердің туристік бағдарлармен демалуына рұқсат берілгенін алғыс айтты.

 Тараптар «Ақтілек -автожол» бекетінде көпірді бірлесіп салуға келісті. Сондай-ақ, таяу арада осы көпірді бірлесіп қаржыландыру басталатынын талқылады, «Кеңбұлын» мен «Токмок» бекеті бойынша келісімдер мәртебесі екіжақтыдан көпжақты болып өзгертілетіндігі келісілді. Сонымен қатар, тараптар қырғыз-қазақ шекарасын демаркациялау туралы келісім жобасын, сондай-ақ мемлекеттік шекаралар режімі туралы келісім жобасын қабылдады. Атап айта кетерлігі, құжаттарға таяу арада қол қойылады.

ФОТО: primeminister.kz 

 

 

 

 

Басты сөздер: Еуразиялық экономикалық одақ, Қырғызстан, ҚР Премьер-Министрі, Астана,
Қате таптыңыз ба? Белгілеп, CTRL+ENTER басыңыз

Пікір қалдыру

Соңғы Пiкiрлер