Қазақстан-Қырғыз шекарасында шабуыл жасаған белгісіз азаматтар іздестірілуде

None
None
АСТАНА. Қазақпарат - Қазақстан-Қырғыз шекара бөлігінде 15 адамнан тұратын белгісіз топтың Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасын қиып өткендігі анықталды. 

Бұл туралы ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметі хабарлайды.

12 тамыз күні шамамен 20.00-де ҚР ҰҚК ШҚ «Оңтүстік» өңірлік басқармасының Тараз шекара отряды «Жасөркен» шекара бекеті жасақтарының мемлекеттік шекараны күзету және қорғау қызметін атқаруы кезінде Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы мемлекеттік шекараның спиральды белдеуінен  жол жасап өтпек болған құқық бұзушылар тобы анықталды.

Олар шекарашылардың құқыққа қайшы әрекеттерін тоқтату туралы заңды талаптарына бағынбай, шекара жасағына қарсы түрлі құралдар пайдалана отырып, қол күшін жұмсаған.

Әскери қызметкерлердің өмірі мен денсаулығын сақтап қалу мақсатында шекара жасағының аға қызметкерлері аспанға бағыттай ескерте атқаннан кейін, сондай-ақ, құқық бұзушылар тарапынан шекарашылардың заңдық талаптарын орындаушылық болмағандықтан шабуылшыларға қатысты қару қолданылды (екі рет оқ атылды). Соның салдарынан шабуылшылардың бірі жарақат алып, қалғандары жаралы жолдастарын сүйемелдей Қазақстан Республикасы аумағындағы жақын елді мекендердің біріне қарай іздерін жасырды. Кейіннен жарақат алған адамның қаза тапқандығы белгілі болды.

Қазіргі уақытта шабуыл жасаушылардың тұлғасын анықтау бойынша іздеу және тәртіптік шаралары жүргізіліп жатыр. 

Соңғы жаңалықтар