Қазақстан қырғыз кондитерлік өнімдерін әкелуге қойылған шектеуді алып тастады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Қоғамдық денсаулық сақтау комитеті Қырғызстан Республикасының кондитерлік өнім өндірушілердің өнімдерін Қазақстанға әкелуіне және сатуына қойылған уақытша шектеуді алып тастады, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Кондитерлік өнімдерді әкелуге және өткізуге тыйым салу бойынша уақытша санитариялық шараларды енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулысын жою үшін Қырғыз Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің «Куликовский» кондитерлік үйі» кәсіпорнына қатысты қажетті шараларды қабылдау және санитариялық-эпидемияға қарсы іс-шараларды жүргізу туралы хабарламасы, сондай-ақ Кеден одағының техникалық регламенттері талаптарына сәйкес келетін кондитерлік өнімдерге жүргізілген зертханалық зерттеулер нәтижелері негіз болды», - делінген комитеттің хабарламасында.

Аталып өтілгендей, сәйкес келмейтін өнімдердің қаупін азайту мақсатында комитет жоғарыда аталған кәсіпорынның өнімдерін енгізу барысында қауіпсіздікті қадағалауды жалғастырады. Бұл шара Еуразиялық экономикалық комиссия кеңесінің тиісті шешімімен реттелетін зертханалық бақылауды күшейту шеңберінде жүзеге асырылады.

«Бақылаудың осы түрі уақытша санитариялық шараларға балама болып табылады және кондитерлік өнімдерді Қазақстанның тұтыну нарығына әкелуге және өткізуге болатындығын білдіреді», - делінген мәтінде. 

Соңғы жаңалықтар