Қазақстан құрамасының Болгарияға қарсы негізгі құрамы жарияланды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан құрамасының Болгарияға қарсы негізгі құрамы жарияланды, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА. 

Негізгі құрам: Владимир Плотников (қ) - Ғафуржан Сүйімбаев, Сергей Малый, Евгений Постников, Абзал Бейсебеков - Исламбек Қуат, Бактиер Зайнутдинов, Бауыржан Исламxан - Роман Мұртазаев, Еркебұлан Сейдаxмет, Сергей Хижниченко.

Қосалқы құрам: Александр Мокин (қ), Ненад Эрич (қ), Дмитрий Шомко, Елдос Аxметов, Нұралы Әліп, Дмитрий Мирошниченко, Магомед Парагульгов, Юрий Перцуx, Еркебұлан Тұңғышбаев, Алексей Щеткин.

Еске сала кетсек, бүгін өтетін Болгария-Қазақстан жолдастық кездесуін «Хабар» телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді. Трансляция Астана уақытымен 22:00-де басталады.

Соңғы жаңалықтар